О.Сүлейменовтің немересін қағып өлтірген көлік жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

О.Сүлейменовтің немересін қағып өлтірген көлік жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты

13.11.2018

Олжас Сүлейменовтың немересі Ескендір Сүлейменов қаза тапқан жол-көлік апатына кінәлі деп танылған көлік жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты. Қызылорда облысы Полиция департаменті басшысының қызы болып шыққан айыпталушы Астана қалалық сотының үкімімен 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ, ол үкім заңды күшіне енген соң ғана қамауға алынады. Әзірге ол үй қамаққа алынды. Айыпталушы қыздың қорғаушылары судьялардың шешімімен келіспей, аппеляциялық сотқа шағымданбақ. Сот барысында көлік жүргізушісі өз кінәсін толығымен мойындап, мұны әдейі жасамағанын айтып, марқұмның туыстарынан кешірім сұрады.

Естеріңізге салсақ, Ескендір Сүлейменов жазда жол-көлік оқиғасында қаза тапқан еді. Ол мінген мотоцикл Астана көшелерінің бірінде келе жатқанда жеңіл көлікпен соқтығысып, жас жігіт оқиға орнында қайтыс болды.

Сайран Әлімбаева, қалалық соттың судьясы:

- ҚР Қылмыстық кодексі 365-бабының 3-бөлігі бойынша 2 жыл бас бостандығынан айыруға, жазасын барынша жеңілдетілген қылмыстық атқарушылық мекемесінің жүйесінде өтеуге және 5 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыруға жаза тағайындалды.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу