Атырауда тоңазытқышта шақалақты өлтірген дәрігерлерге қатысты сот үкімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда тоңазытқышта шақалақты өлтірген дәрігерлерге қатысты сот үкімі шықты

18.01.2021

Атырауда жаңа туған шақалақты тоңазытқышқа салып өлтірді деп айыпталғандар ауыр жаза арқалады. Облыстық перзентхананың бұрынғы бас дәрігері, яғни, сұмдық іске тікелей қатысы бар Қуаныш Нысанбаев 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол сот залында шу шығарып, үкіммен келіспейтінін жеткізді.  

Нысанбаевтың өз қызметін асыра пайдаланғаны және пара беруге де қатысы бары анықталды. Сондай-ақ, акушер-гинеколог Асқар Қайыржан 16 жылға және Жәмилә Құлбатырова 15 жылға сотталды. Жаза әлі заңды күшіне енген жоқ. Олар үкімге қарсы апелляциялық шағым жаза алады. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың қыркүйегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіндегілер тірі туған нәрестені өлдіге санап, тоңазытқышқа қатырып өлтіргендерді ұстаған еді. Тергеу мәліметтері бойынша, олар құжаттарды қайта рәсімдеуге ерініп, жантүршігерлік әрекетке барған.    

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу