Семейдегі бірнеше кәсіпорын жұмысшылардың жалақысын өсірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейдегі бірнеше кәсіпорын жұмысшылардың жалақысын өсірді

13.11.2018

Бұл - ең төменгі еңбекақы көлемін арттыру жөнінде Елбасы Жолдауындағы тапсырмадан кейін қолға алынған шара. Қазір игі бастаманы қаладағы екі бірдей зауыт іске асырып, жалақыны көбейткен. Жаңа жылдан кейін «DAEWOO Bus Kazakhstan», «Силикат», «КОНДИЗ» сынды ірі серіктестіктер де осындай шешім қабылдамақ. Бүгінде Семейде «Алел» акционерлік қоғамы жұмысшыларға жоғары еңбекақы төлеу бойынша көш басында тұр. Ондағы орташа жалақы 358 мың теңге көлемінде. Мыңға жуық жұмысшысы бар компания еңбеккерлерінің әлеуметтік жағдайын әлі де жақсарта түспек. Өңірдегі ірі жұмыс берушілердің бірі саналатын акционерлік қоғам келер жылы да жалақы көлемін арттыруды жоспарлап отыр.

Александр Гусев, «Алел» АҚ қызметкерлер құрамы бойынша директоры:

- Расында да, біз бұл бағытта қарқынды жұмыс істеп жатырмыз. Кәсіпорнымызда қызметкерлердің жағдайы бірінші орында. Сондықтан, жыл сайын еңбекақы көлемін ұлғайтып отырамыз. Биыл жалақы мөлшерін 15,6 процентке көтердік. Алдағы жылы да ұлғайтамыз деп жоспарлап отырмыз.

 

Ержан ЖАҚЫП

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу