Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Серік Аманғалиевтің пара алу кезіндегі бейнекадрлары жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Серік Аманғалиевтің пара алу кезіндегі бейнекадрлары жарияланды

07.11.2018

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиевтің пара алу кезіндегі бейнекадрлары жарияланды. Жедел түсірілімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның баспасөз қызметі таратқан. Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары құны 4,5 миллиард теңге болатын мемлекеттік және жекеменшік әріптестік жобасынан 400 мың еуро алмақ болған.  Серік Аманғалиев бұл соманың бір бөлігі 115 мың еуроны алып жатқан жерінен Ақтау әуежайында ұсталған. Келісілген пара көлемі инвестжобаның 3,8% пайызына пара-пар. 

Жанна Бастарова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Ақтау қаласының мамандандырылған сотымен күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда.

Ұлттық бюро сондай-ақ, «Қазмұнайгаз өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пара алды деп айыпталған басшысы Қуандық Қалмұрзинге байланысты бейнематериал таратты. Ол компанияның Шығыс Қазақстан облысындағы бөлімшесінің басшысына қызметтік мансап пен қамқорлық үшін 4,5 миллион теңге пара алу кезінде ұсталған. Пара алушыға да, пара берушіге де 5 миллион теңге көлеміндегі кепіл түріндегі жаза қолданылған.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу