Алматыда халықаралық бизнес-саммит өтті
Бүгін Алматыда «Ритейл бизнес Қазақстан 2014» халықаралық бизнес-самиті өтті. Ресей мен Қазақстанның көш бастап тұрған кәсіпкерлерінің басын қосқан жиында бүгінгі көтерме, бөлек және желілік сауданың жай-күйі сөз болды.
Бір ғана Алматының өзінде еліміздегі көтерме сауданың 48 пайызы, ал бөлшек сауданың 20 пайызы шоғырланған. 14 мыңнан аса сауда орнында 70 мыңдай азамат еңбек етеді.
Осылайша, мегаполистегі салықтан түсетін соманың 30 пайызы осы саудаға тиесілі. Көтерме сауда айналымы 6 жарым триллионды құраса, жекелей сату 2 триллионнан асады.
Ендігі міндет - осы межеден түсіп қалмай, оны одан әрі дамыту. Тұтынушыға сапалы тауар ұсыну. ЕАЭО-қа кіргенде тыныс ашылғанымен, талап та күшейеді, дейді мамандар.
Альфия Балова, Алматы қалалық Кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы:
Қазақстандағы көтерме және бөлшек сауда соңғы жылдары жақсы қарқынмен дамуда. Ал, ЕАЭО-қа кіру - тауар өндірушілеріміздің бұрынғыдан екі есе жұмыс істеуін талап етеді. Осы мүмкіндікті мүлт жібермей халыққа қажетті әрі сапалы тауар өндірсек экономикамыздың өсері анық. Кедергілер мен кемшіліктер де жоқ емес. Өндірушілер мен жекелей сатушылар арасындағы байланыс, желілік сауда мәселелерін екі күн бойы талқылайтын боламыз.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08