Елтаңбаның жаңа нұсқасы қолданысқа енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елтаңбаның жаңа нұсқасы қолданысқа енді

01.11.2018

Бұдан былай Ұлттық рәміздегі «Қазақстан» жазуы латынша таңбаланады. Бүгіннен бастап «Мемлекеттік рәміздер туралы» Заңға енгізілген өзгерістер күшіне енді. Осылайша, ел атауының жазылуы латын қарпіне ауысты. Қазір арнайы зауыттар жаңартылған нұсқаны дайындап жатыр. Жұмыс қызу. Тапсырыс та еселеп өскен. Алайда, қолданыстағы Елтаңбаны пайдалануға әзірше шектеу жоқ. Тек шамамен, 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін барлық мекемелерде Елтаңба жаңа нұсқаға ауысуы тиіс. Ал, Ұлттық рәміздің 1 данасын дайындау құны - өлшеміне байланысты 17 мыңнан 7 млн. теңгеге дейін. 

Евгений Цхай, ҚР ИДМ Стандарттау орталығының басшысы:

- Жұмыс маусым айынан басталып, 3 айда толық әзірленді. Қазақстан жазуының өзгерілуінен тыс, Елтаңбаның техникалық параметрінде де сәл өзгеріс бар. Нақтырақ айтсақ, түсі қанығырақ  болады.

 

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу