Алматыда «Алтын қалам» дәстүрлі әдеби жүлдесінің жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Алтын қалам» дәстүрлі әдеби жүлдесінің жеңімпаздары анықталды

30.10.2018

Биыл 9-шы рет ұйымдастырылған байқауға 1000-ға жуық шығарма келіп түскен. Солардың үздіктері қомақты жүлделермен марапатталды. Биыл жүлде қоры айтарлықтай толықты. Мәселен, «Қазақтың үздік романы» номинациясы бойынша бас жүлде алған жазушы, журналист Айдын Күлімхан 1 миллион теңге иеленді. Сондай-ақ, фантастика жанрында жазылған үздік шығарма авторы Нұртөре Жүсіп пен балаларға арнап «Саяхатшы достар» хикаятын ұсынған Ыбырайым Бекен де 1 миллион теңгеден қаржылай сыйақы ұтып алды. Алдағы уақытта бұл шығармалар жинақ ретінде шығарылып, оқырмандарға ұсынылмақ. 

Бекен Ыбырайым, «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің жеңімпазы:

- Бап шаппайды, бақ шабады деген бар. Қалай дегенмен де, бұл бәрімізге ортақ қуаныш. Жүлдеге ілікпей қалған шығармалар алдағы уақытта алады деп ойлаймын. Ең бастысы, қазақ әдебиетінің өлмей, өшпей алдағы күндердің асуынан емін-еркін өтуіне қамқорлық деп айтуға болады.

 

Аманкелді СЕЙТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу