«Алтын қалам» байқауына шығармалар қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын қалам» байқауына шығармалар қабылдау басталды

15.03.2018

«Алтын қалам» әдеби жүлдесінің шығармалар қабылдау басталды. Ұйымдастырушылардың пікірінше, әдеби байқауға туындыларын ұсынатын қаламгерлердің саны жыл сайын артып келеді. Ал, қатысушылардың жасы мен тұрғылықты мекенжайына және мамандығына шектеу жоқ. Бір адам бірнеше номинация бойынша қатыса алады. Үміткерлердің қазақ және орыс тілінде жазылған жұмыстары наурыздың 13-нен бастап, қыркүйектің 15-не дейін қабылданады. Сондай-ақ, оқырмандар қазан айының 1-не дейін дауыс бере алады. 

Кенже Жұманұлы, «Алтын қалам» әдеби байқауының ұйымдастырушысы:

Қазақ тілінде жазылған үздік романға байқау жариялап отырмыз. Жеңімпазға 1 млн. теңге тағайындадық. Бұл сыйақыны біздің серіктесіміз «Zhersu» корпорациясы тағайындап отыр. Сонымен қатар, «Дарабоз» байқауы бар балаларға арналған. Осы «Дарабоздың» жеңімпазына да біз 1 млн. теңге сыйақы дайындап отырмыз.

Алмат ӘБДІРАМАН                             

Хабарламаларға жазылу