Биопрепарат шығару жолға қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биопрепарат шығару жолға қойылады

05.06.2014
Биопрепарат шығару жолға қойылады
Қазақстандағы малдың 80 пайызы жекенің қорасында. Сол себептен, жаппай вакцина егу жұмысында кедергі көп. «Әйтпесе, біздегі зертханалар жабдықталуы жағынан көрші елдерден оқ бойы озық» тұр дейді сала мамандары.
 
Ел аумағында қазір 120-дан астам ветеринарлық зертхана жұмыс істейді. Сырттан жеткізілген асылтұқымды сиырларға қатысты шыққан шудан кейін бұл сала бұрынғыдан да ерекше қадағаланатын болды.
 
Алайда, мал індетін емдеуде әлі күнге дейін шетелдік биопрепараттарға тәуелдіміз. Өйткені, елімізде агроөнеркәсіп саласына қажетті дәрі-дәрмек шығаратын бірде-бір ірі кәсіпорын жоқ екен.
 
Болат Сейсенов, ҚР ҰКП Агроөнеркәсіп кешені комитеті хатшылығының сарапшысы:
Қазір Ұлттық кәсіпкерлер палатасына отандық кәсіпкерлер тарапынан бірнеше жоба келіп түсті. Мәселен, бірі Степнагорск қаласынан биопрепарат шығаратын өндіріс орнын салуды, бірі Лисаковскіден аусыл дертіне қарсы вакцина шығаратын зауыт салуды көздейді. Жалпы құны 30 миллион доллар болатын вирусқа қарсы тірі вакцина шығаратын керемет кешен тұрғызу да жоспарда бар. Оларға енді тек мемлеттің қолдауы қажет.
 
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу