Мәдениет және спорт министрлігі лауазымды қызметкерлерінің парамен ұсталу жағдайына қатысты түсініктеме берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәдениет және спорт министрлігі лауазымды қызметкерлерінің парамен ұсталу жағдайына қатысты түсініктеме берді

29.10.2018

Заң департаментінің директоры Күміс Сейітова министрлік тарапынан Ұлттық бюроға тергеуге қажет материалдар берілгенін жеткізді. Алайда, екі қызметкерінің ұсталғанын Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі растай алмай отыр. Өйткені, сотқа дейінгі тергеу органдарынан бұл адамдарға қатысты ресми сұрату болмапты. 

Күміс Сейітова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі заң департаментінің директоры:

- Сотқа дейінгі тергеу органдарымен іс қозғалғанын білеміз. Бірақ, ресми құжаттар түспегендіктен, біз оны осы себепке байланысты жұмыстан босатуды немесе шектеу жасай алмаймыз. Сондықтан, бүгінгі күні уақытша жұмыста болмауына байланысты деген себеппен басқа адамға жүктеме беру бұйрығы шықты. 

Өткен аптада алдымен месенджерлер арқылы Мәдениет және спорт министрлігі қызметкерлерінің парамен ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Ал, апта соңында Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық соты Мәдениет және спорт министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаевтың 2 айға үйқамаққа алынғанын хабарлады. Ал, бүгін осы сот Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиевке қатысты бұлтартпау шарасы ретінде кепілмен босату жөнінде шешім шығарғаны жарияланды. Министрлік өкілі болса, бірінші қызметкер қазанның 24-нен бастап ақысыз демалыста жүргенін, ал, екінші қызметкер белгісіз себеппен жұмыста жоқ екенін мәлімдеді.

 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу