Қайрат Тұрлыханов Азия ауыр атлетика федерациясының вице-президенті болып қайта сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Тұрлыханов Азия ауыр атлетика федерациясының вице-президенті болып қайта сайланды

10.01.2015
Қайрат Тұрлыханов Азия ауыр атлетика федерациясының вице-президенті болып қайта сайланды

Жиында салаға қатысты көптеген мәселелер айтылып, алдағы жылдардың жоспары жасалып, бағыт-бағдары айқындалды. Сонымен қатар, ұйымның жаңа басшылары сайланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты.

Шара кезінде Қайрат Тұрлыханов Азия ауыр атлетика федерациясының вице-президенті қызметіне қайта сайланды. Конгресс барысында көптеген мемлекеттен келген лауазымды тұлғалар мен майталман мамандар жерлесіміздің осы спорт түріне сіңірген ерен еңбегін аса жоғары бағалап, оған барынша көп дауыс берді.

Қайрат Болатұлы 2001 жылдан бері отандық ауыр атлетиканы өрге сүйреп келеді. Қазақстандық зілтеміршілердің халықаралық аренада орасан зор табысқа жетуіне сүбелі үлес қосты.

Қ.Тұрлыханов ҚААФ тізгінін ұстаған 2001-2013 жылдар аралығында Қазақстанның Ұлттық құрамасы Олимпиада ойындарында 5 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль иеленді. Әлем чемпионаттарында 10 алтын, 3 күміс және 2 қолаға қол жеткізді.

Хабарламаларға жазылу