Мәдениет және спорт министрлігі Елтаңба авторына алғыс білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәдениет және спорт министрлігі Елтаңба авторына алғыс білдірді

01.03.2023

Мәдениет және спорт министрлігі бұл күні Мемлекеттік Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековке алғыс білдірді. Мерекеге орай, ведомство жастардың талантты тұлғамен кездесуін ұйымдастырды. Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы тарихы әңгімеге арқау болды. Алғыс айту күні министрлік өзге де қоғам және мәдениет қайраткерлерін марапаттап, сыйлықтар табыстауды жоспарлап отыр.

Жандарбек Мәлібеков, Мемлекеттік Елтаңба авторы:

Бірінші алғысымды қазақ халқына айтамын. Өте күрделі кезеңнен келе жатқан, өзінің сабырлығымен, батырлығымен, даналығымен. Екінші әрине, ауыл ақсақалдарына, ұстаздарға алғысымды айтамын. Үшінші біз бейбітшіл халықпыз. Сондықтан біздің еліміз аман болсын.

Серік Селеубай


Хабарламаларға жазылу