«Самұрық-Қазына» биыл 16 ірі жобаны іске қосады
Жалпы «Самұрық-Қазына» алдағы екі үш жылда құны 26 миллиард доллардың бірнеше жобасын іске қосады. Сондай-ақ, ЕХРО қалашықтан жалпы ауданы 135 мың шаршы метр болатын нысан салу жұмыстарын бастады. Оның жартысы тұрғын үй кешені болса, қалған бөлігі әкімшілік ғимараттар.
Қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеевтің төрағалығымен өткен жиында инвестициялық саясатты жүзеге асырудың өзекті мәселелері талқыланды. Оған еншілес 12 ірі компанияның басшылары қатысты. Қазір «Самұрық-Қазына» портфелінде жұмыс істеп тұрған 163 жоба бар болса, биыл тағы бірнеше жоба іске қосылып, 9 мың тұрақты жұмыс орнын ашады.
Берік Бейсенғалиев, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының бизнесті дамыту директоры:
2014 жылы жалпы сомасы 3 миллиард доллар тұратын 16 жобаны іске қосамыз деп отырмыз . Олардың ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытын реконструкциялау бар. Еуро 4-5 жанармайларын шығаратын болады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Варшавада Қазақстанның кемсітушілікке қарсы заң жобасы таныстырылды
14.10.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
14.10.2026, 20:15
Оқушылардың жаппай улануы: Қылмыстық іс қозғалды
14.10.2026, 20:11
3 жылға арналған бюджет жоспары таныстырылды
14.10.2026, 20:06
Екпенің алғашқы дозасы 6500-ге жуық жасөспірімге салынған
14.10.2026, 20:05
«Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет» форумы өтті
14.10.2026, 20:04
Креативті индустрияның экономикаға қосқан үлесі 2,7 триллион теңгеге жетті
14.10.2026, 20:04
Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады
14.10.2026, 20:04