ЕАЭО бәсекелестікті шыңдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕАЭО бәсекелестікті шыңдайды

04.06.2014
ЕАЭО бәсекелестікті шыңдайды
Ресей және Беларусьпен ортақ экономикалық одақ құру арқылы Қазақстан дамудың жаңа сатысына көтерілетін болады.
 
Бұл - Жамбыл облысы жұртшылығының ортақ пікірі. Өңір  химия өнеркәсібінің орталығы саналады.
 
Осындағы «Қазфосфат» кәсіпорыны - бүгінде әлемінің  29 мемлекетіне өз өнімін жөнелтіп отырған ірі өндіріс орны. Бұған дейінгі Кедендік одақ аясындағы алыс-беріс зауыттың экспорттық әлеуетін одан әрі арттыра түсті.
 
Сондықтан да, жергілікті халық экономикадағы мұндай интеграция  тек ірі өндіріс орындарының ғана емес, өзге де бизнес субъектілерінің тауар айналымын ұлғайтуға мейілінше жағдай жасайды, деген сенімде. 
 
Сағадат Бесінбаев, Тараз қаласының тұрғыны:
Бұл еліміздің экономикалық өсіміне жол ашады. Шағын және орта кәсіпкерлік бәсекелестік ортада дами бастайды. Экономикалық одаққа мүше елдердің халқы 170 миллионнан асады. Яғни, біздің елімізге құйылатын инвестиция көлемі арта бастайды, деп ойламын.
 
Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу