Қостанайда автокөлік өрті жиілеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда автокөлік өрті жиілеп тұр

12.10.2018

Қостанайда автокөлік өрті жиілеп тұр. Мысалы, биыл 9 ай ішінде 123 техника отқа оранған. Оның  93-і жеңіл, 26-сы жүк көлігі. Сонымен қатар, 4 автобус пен 5 ауыл шаруашылығы техникасы жанған. Көбіне мұндай келеңсіздікке көлік иесінің өзі себепкер болады. Олар өрт қауіпсіздігін сақтамайды, қатты қызатын тетіктерді тез тұтанатын заттармен орап қояды. Көлікті техникалық тексеруден өткізіп, ақауын анықтап оны қалпына келтіруді де назардан тыс қалдырып жатады. Өртті сөндіремін деп жүріп адамдардың өздері зардап шегетін сәттері де аз емес.

Тастемір Қосқұлақов, Қостанай облыстық ТЖД бас инженері:

- Алдын алу шаралары біздің тарапымыздан үздіксіз жүргізіледі. Автокөлік иелеріне өрт қауіпсіздігін сақтау талаптары жазылған парақшалар таратамыз. Мұның сыртында ауызша ескерту, түсіндіру жұмыстары да қоса жүргізіледі.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу