Шығыс Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

18.10.2021

Шығыста қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланды. Өскеменде 3 күннен бері тұман сейілмей тұр. Шаһарды басқан қара түнек қала тұрғындарына қиындық тудыруда. Жолдарда апат жиілеп, салдарынан көлік қатынасы тежелді. Төтенше жағдайлар департаменті автокөлік иелері мен жаяу жүргіншілерді қолайсыз кезеңде сақ болуға шақырады. Ал синоптиктер алдағы күндердің де тұманды болатынын ескертті.

Любовь Бухтаярова, синоптик: 

Облыстың солтүстігінде суық ылғалды ауа массасы сақталған. Соның салдарынан қаланы бірнеше күн бойы тұман басып тұр. Қала маңындағы Шемонайха, Бородулиха, Жарма аудандарында да тұман байқалады. Таңғы сағат 9: 00 шамасында тұманның ылғалдылығы 98 пайызды құрайды. Алдағы күндері тұман сақталады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ескерту жарияланды .

Хабарламаларға жазылу