Академик Рымғали Нұрғалидің құрметіне мемориал тақта ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Академик Рымғали Нұрғалидің құрметіне мемориал тақта ашылды

12.10.2018

Астанада атақты ғалым, мемлекеттік сыйлықтың иегері Рымғали Нұрғалидің құрметіне өзі тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды. Салтанатты шараға билік өкілдері мен руханиятымыздағы танымал тұлғалар қатысты. Рымғали Нұрғалиұлы санаулы ғұмырында мемлекетіміз үшін мол мұра қалдырды. Көрнекті әдебиеттанушы, ұлттық ғылым академиясының академигі, мемлекеттік сыйлықтың иегері. Тәрбиелеген талай шәкірттері бүгінде табысты еңбек етіп, еліміздің дамуына сүбелі үлес қосуда. Айта кетейік, Рымғали Нұрғалиұлы 2010 жылы өмірден өтті.      

Несіпбек Айтұлы, ақын:

- Бұл басы ғана, оның үстіне мектеп аты берілуі керек деп ойлаймын. Көшенің аты берілуі керек. Бұл кісіге қандай ескерткіш қойса да лайықты. Өз заманында ұлтына, халқына еңбегін адал сіңірген адам. Ғылым мен білім жолында табаны талмай кеткен тарлан. Ескерткіш тақта қабыл болсын, бұл да сол ағаға деген құрмет.

Рымғали Нұрғалиұлы 1968 жылдан бастап 2000 жылға дейін Қазақ ұлттық университетінде еңбек етті. Өмірінің соңғы он жылдығында Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Бар ғұмырын ағартушылыққа арнаған теоретик-ғалымның еңбектері бүгінде еліміздегі жоғары оқу орындарының барлығында бағалы дүние ретінде қолданылып жатыр.

 

Ербол МӘНДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу