Қазақстандағы ЕҚЫҰ-на - 20 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы ЕҚЫҰ-на - 20 жыл

11.10.2018

Қазақстандағы Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымына 20 жыл. Осыған орай, Назарбаев орталығында халықаралық конференция өтті. Жиында ұйым мен республикамыздың арасында 20 жыл ішінде атқарылған жетістіктер аталды.

Экономикалық-экологиялық және гуманитарлық бағыттардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Шараның ресми ашылуына Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова, Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, елшілер мен дипломаттар қатысты.

Айта кетейік, құрамына 57 мемлекет кіретін Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына Қазақстан 2010 жылы төрағалық еткен еді.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу