Алматы облысында жұмысшыларға жалақысын уақытында бермеген 52 мекеме анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жұмысшыларға жалақысын уақытында бермеген 52 мекеме анықталды

04.10.2018

Алматы облысында жұмысшылардың еңбекақысын уақытында бермеген 52 кәсіпорын анықталды. Оларға 90 млн. теңгеге жуық айыппұл салынып, берешек жалақыны өтеу міндеттелді. Сондай-ақ, облыстық еңбек инспекциясы елді мекендерде сауалнама жүргізу барысында 2000-нан астам адамның еңбек келісімшартынсыз жұмыс істеп жатқанын анықтаған. Нақты тексеру кезінде 13 кәсіпорында 37 жұмысшы келісімшарт толтырмай жұмысқа тұрғаны белгілі болды. Мамандардың айтуынша, өрескел заң бұзу фактілері халыққа қызмет көрсету орындары мен ойынханаларда тіркелген. 

Мұрат Мәдіғұлов, Алматы облыстық Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы:

- Сұрастыру кезінде 2171 адам еңбек шартынсыз жұмыс істеп жатқаны анықталды. Сол жұмыс берушілермен сөйлесу нәтижесінде 2171 адамға толығымен еңбек шартын жасасуға мүмкіндік тудырдық.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу