Қоғамдық ұйымдар жаңа тұжырымдаманы әзірлеуге кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғамдық ұйымдар жаңа тұжырымдаманы әзірлеуге кірісті

04.10.2018

Бүгін азаматтық қоғам институттарын дамыту мәселесіне арналған ұлттық тыңдауда әркім өз ұсыныс-пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды. Маңызды дегендері ескеріліп, алдағы тыңдауларда жан-жақты сарапқа салынады. Аталған құжат 2025 жылға дейінгі уақытты қамтиды. Бұған дейінгі тұжырымдаманың мерзімі 2011 жылы аяқталған болатын. Жоспар бойынша тұжырымдама жобасы жыл соңында өтетін 8-ші азаматтық форумда таныстырылуы тиіс. Айта өтейік, қазіргі кезде тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың саны 22 мың. Алайда, оның 14 мыңы ғана салық төлейтіндердің санатында. Ал, Қоғамдық даму министрлігінің ақпараттық базасына тіркелгендері тіпті аз. 4600 ұйым.   

Дос Көшім, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ төрағасының орынбасары:

- «Шаңырақ» оқиғасына мен өз басым қатыстым. Жер мәселесіне де. Осының бәрін халықты дүркіретпей-ақ шешуге болатын мәселе еді, дөңгелек үстелдің үстінде. Сол уақыттарда азаматтық қоғам не жұмыс істей алмады, не билік жұмыс істетпеді. Демек, осының жолдарын біз бірге іздеуіміз керек. Тұжырымдама, менің ойымша, ең бірінші мемлекетке тұрақтылық үшін керек. Ал, халыққа, азаматтарға, біздің балаларымыздың болашағы жарқын, тыныш өмір сүруі үшін керек. Болды. Ең қарапайым ғана мәселе. 

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу