Премьер-министр сауда қатынастарын нығайтуға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-министр сауда қатынастарын нығайтуға шақырды

16.06.2022

Үкімет басшысы Орталық Азия елдерін сауда қатынастарын нығайтуға және кеңейтуге шақырды. Әлихан Смайылов Алматыда өтіп жатқан «COVID-тен тыс жерде – Орталық Азияны әділдік негізінде қалпына келтіру жолында» тақырыбындағы екінші өңірлік саммитке қатысты. Іс-шараға Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан елдерінің премьер-министрлері қатысып жатыр. Халықаралық институттардың деректері бойынша Орталық Азиядағы ішкі өңірлік тауар айналымы 6,5 млрд долларды құрайды. Дегенмен бұл олардың жалпы тауар айналымының небәрі 9%-ын алып отыр.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Біз бизнес-қоғамдастық пен халықаралық ұйымдар сарапшыларының белсенді қатысуымен Жаңа Қазақстанның экономикалық саясатын әзірлеуге кірістік. Осы құжат аясында инвестициялық ахуал мен кәсіпкерлік ортаны жақсарту, мемлекеттің экономикаға қатысуын азайту, инновациялар мен баламалы энергетиканы енгізу, жасыл қаржыландыруды кеңейту бойынша жаңа шаралар дайындалады


Хабарламаларға жазылу