Кәсіпкерлердің ісі ілгерілеп келеді
Бір сөзбен айтқанда, Алматы - бүгінде ел экономикасының локомотиві ғана емес, нағыз бизнес алаңына айналып отыр. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен кәсіпкерлердің бірінші мәжілісінде айтылды.
500-ге жуық кәсіпкер қатысқан қалалық бизнес-құрылтай Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезі қарсаңында ұйымдастырылып, онда бизнесті өркендетудің жолдары талқыланды.
Кәсіпкерлердің айтуларынша, Елбасы жарлығымен 1-сәуірден күшіне енген мораторий аясында әкімшілік кедергілер жойылып, істі ілгерілету жеңілдеді. Бірақ әлі де кейбір заңнама, Салық кодексінде кедергілер бар.
Осы мәселелер оң шешім тапса, келер жылдан Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кәсібімізді дөңгелетуге мүмкіндік мол, дейді кәсіп иелері.
Ерлан Стамбеков, Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры:
Алматы кәсіпкерлері бұл мәжіліске үлкен дайындықпен келді. Тәжірибе де, жетістік те жеткілікті. Бірақ жуырда үш ел басшылары Еуразиялық экономикалық одаққа қол қойғанын білесіздер. Мұндай маңызды қадам - біздің кәсіпкерлердің алдына жаңа сынақтар мен міндеттер қойып отыр. Сондықтан, жаңа белеске аттанбас бұрын осылай бас қосып, ортақ мәселелерді бірлесіп шешсек, ұтарымыз мол болмақ.
Жазира ИСАЕВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Варшавада Қазақстанның кемсітушілікке қарсы заң жобасы таныстырылды
14.10.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
14.10.2026, 20:15
Оқушылардың жаппай улануы: Қылмыстық іс қозғалды
14.10.2026, 20:11
3 жылға арналған бюджет жоспары таныстырылды
14.10.2026, 20:06
Екпенің алғашқы дозасы 6500-ге жуық жасөспірімге салынған
14.10.2026, 20:05
«Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет» форумы өтті
14.10.2026, 20:04
Креативті индустрияның экономикаға қосқан үлесі 2,7 триллион теңгеге жетті
14.10.2026, 20:04
Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады
14.10.2026, 20:04