Шығыс Қазақстан облысында ұн тарту комбинаты ашылды
Комбинаттың ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Аймақ басшысының айтуынша, аталған жобаның өңірдегі агроөндірістік кешендер үшін пайдасы мол. Себебі олар бұдан былай сиыр, тауық және шошқаға арналған жем азығын басқа жақтан тасымай, осы жерден сатып алады.
30 адам жұмыс істейтін жаңа кәсіпорын заманауи технологиямен жабдықталған. Ұн тарту және жем азығын дайындау ісі толықтай автоматтандырылған.
Комбинаттың алдағы жоспары – өнімін шетел нарығына шығару. Шемонайха ауданы Ресейдің Алтай өлкесімен шекаралас орналасқан.
Көрші елде құс және мал өсірумен айналысатын шаруа қожалықтары Шығыс Қазақстанда өндірілген өнімге қазірден тапсырыс беріп жатыр.
Фарманали Мамедов, комбинаттың бас директоры:
Біздің өнім республика көлемінде сатылып, экспортқа да шығарылады. Комбинаттың ашылуы облысымыздағы дәнді дақылдар өсірумен айналысатын шаруа қожалықтары үшін де тиімді болып тұр. Себебі олар жинаған астықтарын бізге өткізе алады.
Берік КӨШЕРБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08