Жазушы Кемел Тоқаевтың шығармашылығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазушы Кемел Тоқаевтың шығармашылығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

26.09.2018

Алматыда белгілі жазушы, журналист Кемел Тоқаевтың туғанына 95 жыл толуына орай, қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болған шараға көрнекті ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысып, көпшілікке жазушының өнегелі өмірі туралы тағылымды әңгіме айтты. Кемел Тоқаев соғысты суреттеген жазушы. Ол сол тұстағы әскерлердің қилы тағдыры мен олардың әділетсіздікке қарсы күресін көрсеткен. Жазушы қазақ топырағында болмаған детектив жанрын кең өрістетті. Шым-шытырық оқиғаға құрылған қылмыстар мен жауыздықтарды ашып жазды. 

Рафаэль Ниязбек, ақын:

- Кемел Тоқаев бұрын қазақ әдебиетінде болмаған көріністерді суреттейді. Мысалы, қылмыс, жауыздық, ұятсыздық, ауру-сырқау, кесір-кесапат.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу