Ақтөбеде көлік жүргізуші жарты миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуге міндеттелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде көлік жүргізуші жарты миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуге міндеттелді

25.09.2018

Ақтөбеде инспекторға 2000 теңге бермек болған көлік жүргізуші жарты миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуге міндеттелді.  Жол ережесін бұзған тұрғын жауапкершіліктен сыйақы беріп құтылмақ болғаны үшін жауапқа тартылды. Видеода оның инспекторға құжатпен бірге 2000 теңгені ұсынғаны көрінеді. Жүргізуші ол әрекетін кейін «қалтамнан түсіріп алдым» деп түсіндірмекші болған. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері жүргізушіге енді 481 мың теңге көлемінде айыппұл салынғанын хабарлап отыр.

Расул Медетов, облыстық Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы:

- Әкімшілік істі біздің департамент қозғап, оны сотқа жөнелтті. Сот азаматқа 200 МРП бойынша айыппұл салды. Егер ол азамат кінәсін сотта мойындағанда, оған сот 30 пайыздық жеңілдік жасауға құқылы болатын. Бірақ, ол азамат мойындаған жоқ. Сондықтан да осындай үлкен айыппұл салынды.

Жақсыбек КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

                                                         

Хабарламаларға жазылу