Ақтөбе облысындағы 5 дәріхана лицензиясынан айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысындағы 5 дәріхана лицензиясынан айырылды

25.09.2020

Ақтөбе облысындағы бес дәріхана лицензиясынан айырылды. Бұл мекемелер вирусқа қарсы және дене қызуын түсіруге арналған дәрілердің бағасын көтеріп сатқан. Тексеруші органдар 20-шілде мен 11-ші қыркүйек аралығында 73 заң бұзушылықты анықтады. Мәселен, «Айболит» дәріханасы «Клексан 4000» орамасындағы 10 дана дәріні 42 500 теңгеге сатқан. Ал, оның шекті бағасы 18 620 теңге. Тексеріс нәтижесінде заң талаптарын бұзған дәріхана иелері 33 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуге міндеттелді.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу