«Қазақстан темір жолы жүк тасымалы» серіктестігі Шымкент филиалының басшылығы сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан темір жолы жүк тасымалы» серіктестігі Шымкент филиалының басшылығы сотталды

20.04.2023

Жемқорлығы үшін айыпталған «Қазақстан темір жолы жүк тасымалы» серіктестігі Шымкент филиалының басшылығы мен қызметкерлері жазаға тартылды. Ұлттық компанияның филиал басшысы, еңбек қатынастары инспекторы мен магистральдық желі бөлімшесінің жетекші маманы мансабын пайдаланып, туыстарын жұмысқа алған. Сондай-ақ қарамағындағы қызметкерлерге қамқорлық жасағаны үшін жүйелі түрде 20 мыңнан 200 мың теңгеге дейін пара алған. Сот шешімімен айыпталушылар 18 миллион теңгеден астам айыппұл төлеуге міндеттелді. Және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу