«Батыс-2018» әскери оқу-жаттығуы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Батыс-2018» әскери оқу-жаттығуы өтті

24.09.2018

«Батыс – 2018» оқу-жаттығуының барысы қарқынды өтті. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери шараның өту барысын бақылады. Ол басқару пункттерінің жабдығын, әскерлердің жылжу жолдарын, далалық жағдайларда жеке құрамның тіршілікпен қамтамасыз етілу нысандарымен танысып шықты. Қорғаныс ведомствосының басшысы арнайы әскери іс-қимылдарды жоспарлау және өткізу барысында өздерінің жұмыс тәртібі туралы баяндаған бірқатар лауазымды адамдарды тыңдады. Маңғыстау облысының Сай-Өтес, Шетпе және Маңғышлақ станцияларына түсірілген әскерлер батальондық және дивизондық лектермен 300-ден аса шақырымға жүрді. Қозғалыс күндіз-түні дайындалған үш бағытқа сай жүзеге асырылды. Жаттығу кезінде Астанадағы десанттық-шабуылдау батальоны, Семейдегі барлау полкі, Аягөздегі танк батальоны, сондай-ақ, Ақтаудағы теңіз жаяу  әскері бригадасының артиллериялық дивизионы үздік деп танылды.   

Елдос Бозғұлов, 25744 Әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары:

- Маңғыстау облысының Оймаша оқу-жаттығу әскери полигонында сарбаздардың осы жаттығудың келесі күрделі бөлімінен абыроймен және жоғары нәтижемен өту мақсатында концерттік бағдарламалар және мәдени-тынығу шараларын ұйымдастырып жатырмыз.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу