«Батыс-2018» оқу-жаттығуы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Батыс-2018» оқу-жаттығуы аяқталды

28.09.2018

«Батыс-2018» оқу жаттығуы аяқталды. Шараға 5 мыңнан астам әскери қатысты. 17 қыркүйек күні оңтүстік және шығыс өңірлік қолбасшылығының қарулы күші дабыл бойынша батысқа жұмылдырылған болатын. Оқу жаттығудың жоспары бойынша еліміздің батыс бөлігінде құрылған заңсыз қаруланған ұйым қауіп төндіреді. Әскерилер оларды еліміздің орталық бөлігіне өткізбей, сол жерде талқандады. Операцияға әуе, жаяу әскер, әскери теңіз күштері, артиллерия жұмылдырылған. Қорғаныс министрлігі басшылығы оқу жаттығуға жоғары бағаларын беріп отыр.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:

- Алғаш рет бірлескен жауынгерлік құрылымдар, әскерлер қатысып, 5 мың шаршы километр  көлемінде барлау және іздестіру іс-қимылдары атқарылды. Барлық жауынгерлік мақсаттар және тапсырмалар орындалды.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу