Шетелдік сарапшылар «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасына жоғары баға беруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік сарапшылар «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасына жоғары баға беруде

21.09.2018

«Қазақстанның «Рухани жаңғыру» бағдарламасы-әлемдік деңгейде қолға алатын құнды бастама». Бұл Еуропаның адуынды сарапшыларының, халқының ортақ пікірі. Сырттағы сыншылар әсіресе, осы бағдарлама аясында жүзеге асырылып отырған «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет»жобасына жоғары баға беруде. 

«Қазақстандық әртістер өнер көрсетеді» десе бүгінде жаһан жұрты елең ететін болған. Саяси тартыстан шаршаған халыққа қазақтың айтысы ерекше көңіл-күй сыйлайтынын  біледі. Онан бөлек, қазақтың музыкасы, фольклоры, әні, биі бәрінен ерек. «Ешкімге ұқсамайтын мәдени мұраны көпшілікке паш етіп, ұлттық құндылықты дәріптеу-ұтымды шешім»,-дейді француз ғалымы Альбер Фишлер.

Альбер Фишлер, Францияның қоғам қайраткері, профессор:

Қазақстанның мәдени бағдарламасы ата-баба мұрасын қастерлеп, ұлттық бірігейлікті сақтауға бағытталғанын жақсы білемін. Түсіне білгенге, бұл керемет бағдарлама. Жаһандану заманында ұлттық мұраны сақтау-тек қазақ елінің ғана емес, барша әлем елдерінің алдында тұрған міндет.

Өркениеттен қалмау, бәсекеге қабілетті болу «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы басты міндеттердің бірі. Сол үдеден шығу үшін қазақстандық әртістер үнемі ізденіс үстінде. Қазақ музыканттарының әлемдік деңгейдегі классикалық жауһарларды ұлттық аспаптармен шебер орындауы-шетелдік көрерменнің таңдайын қақтырмай қоймайды.

Норбер Жустен, 2008-2011 жж Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі, саясаткер:

Қазақстанның көне мәдениеті еуропалықтарға таңсық. Соны бізге ауқымды шаралар арқылы таныстырып жатқандарыңызды қатты бағалаймын. Бұл-Қазақстанның шетелдегі имиджі үшін мықты инвестиция. 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу