Еуропалық сарапшылар Жолдауға жоғары баға беруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропалық сарапшылар Жолдауға жоғары баға беруде

04.09.2020

Кәсіпкерлерге тең мүмкіндік жасау - отандық өнімді көбейтіп, импортқа тәуелділіктен арылуға сеп. Президент Қ.Тоқаевтың халыққа жасаған биылғы Жолдауына еуропалық сарапшылар жоғары баға беріп отыр.  Айтуларынша, осындай қиын кезеңде Үкіметтің шағын және орта бизнес өкілдерін қолдауы – құптарлық әрі батыл қадам. 

Сондай-ақ, еуропалық саясаткерлер жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілін енгізу, шенеуніктердің санын қысқарту сынды тың реформалар-мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттырып, бұқараның билікке деген сенімін күшейтеді деген пікірде.

Альберто Тюркстра, Азиялық зерттеулердің еуропалық институтының сарапшысы:

- Мынадай қиын кезеңде жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың әлжуаз топтарына қаржылай көмек көрсету, дағдарыстан зардап шеккен аймақтарды қолдау оңай емес. Президент пен Үкіметтің елдің алға қарай қарыштауына жасап жатқан игі істері құптарлық. Инкубациялық парктер мен жоғары технологиялар паркінің дамуына басымдық берілуі - елдің инновациялық өркендеуінің алғышарты.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу