Елімізде 8 айда 3,2 млн. тонна қатты қалдық жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 8 айда 3,2 млн. тонна қатты қалдық жиналды

21.09.2018

Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап сұрыпталмаған қатты қалдықтарды полигонға төгуге тыйым салынатын болды. Энергетика министрлігі осылайша тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың үлесін арттырмақшы. Биылғы 8 айдың өзінде елімізде 3 млн. тоннадан астам қоқыс жиналып қалған екен. Ондаған жылдар бойы қордаланып қалған қатты қалдық 100 млн. тоннадан асады. Сондықтан, министрлік кешенді шараларды қолға алу керек екенін түсініп отыр. 2050 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеуді 50 пайызға жеткіземіз, - дейді олар. Ол үшін мемлекеттік органдар кәсіпкерлермен бірлесіп, қажет инфрақұрылымды құруға кірісті. 

Сәбит Нұрлыбай, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Қабылданған іс-шаралар келесі мәселелерді қамтиды: өңірлердегі қалдықтарды басқаруды дамытуды белгілейтін бағдарламаларды әзірлеу әр әкімшілікте. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көмуді ескере отырып, қолданыстағы тарифтерді қайта қарау. Тұрмыстық қалдықтарды бөлек-бөлек жинауды енгізу.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу