Елімізде қоқыс қалдығының 18 пайызы ғана қайта өңделеді
Елімізде жыл сайын 4,5 млн тонна қалдық тасталады. Соның тек 18 %-ы ғана қайта өңделеді. Бұл туралы Орал қаласында өтіп жатқан «Uralsk Green Forum» халықаралық экологиялық форумында айтылды. Биылғы шара қатты қалдықтарды қайта өңдеу, жою және оны басқару тақырыбына арналды. Алдымен, көрмеде қоқысты кері өңдеумен айналысатын кәсіпорындар өз өнімін таныстырды.
Әсіресе, тамақ қалдығын өңдеп, оны ауыл шаруашылығына тыңайтқыш ретінде ұсынатын мекеменің жұмысы көпшілікті қызықтырды. Облыста қоқыстың тек 15 пайызы қайта өңделеді, полигон да ескірген. Енді бұл мәселелер жол картасы мен жаңа экологиялық кодекс аясында шешімін таппақ.
Сергей Цой, сарапшы:
Жаңа экологиялық кодекстің қабылдануы - тұрақты дамуға бағытталған үлкен қадам. Қазір қалдықтарды қайта өңдеу қызметі заңдастырылды. Тиісті қаражат бөлініп жатыр. Көрмеде бұл кәсіптің Оралда жақсы дамып жатқанын көрдік. Бұл мемлекетке де, халыққа да, қоршаған ортаға да өте тиімді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Иесіз жануарларды тамақтандыру заңды ма?
16.01.2026, 21:33
Шетелдегі кино түсіретін компаниялар табыстың 70-90 пайызын алады
16.01.2026, 20:21
Елімізде қоқыстың 20-25 пайызы ғана қайта өңделеді
16.01.2026, 20:18
Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды
16.01.2026, 20:17
Еліміз бір жылда 70 млрд доллар инвестиция тартты
16.01.2026, 20:16
Еліміз бойынша қызылша жұқтыру дерегі 85% төмендеді
16.01.2026, 20:11
Энергетикалық сусын тұтынатын жасөспірімдер азаймай отыр
16.01.2026, 20:08
Алматыдағы «Қайрат» ықшам ауданында орналасқан 200-ге жуық үй бұзылуы мүмкін
16.01.2026, 20:05