Қостанайда көпқабатты үйлер суретпен безендірілді

19.09.2018

Қостанайда Абай Құнанбайұлының 9 қабатты ғимаратпен бірдей алып суреті салынды. Ұлы ақынның кескіні көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасында бейнеленген. Сонымен қатар, тағы екі үйге ұлттық киімдегі келіншек пен Қостанай қаласының гербі көрік беріп тұр. Бұл жұмыстар қаланы абаттандыру аясында жүзеге асуда. Әр суреттің құны 1 млн. теңге көлемінде. Алматы қаласынан арнайы шақырылған мамандар қазір Абай көшесіндегі он қабатты үйдің қабырғасына Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаеваның суретін салып жатыр.

Олар бұған дейін де Қазақстанның бірнеше қаласында тұрғын үйлерді осындай кескіндермен безендірген. Алайда, он қабатты үйдің қасбетіне  сурет салу тәжірибелерінде алғаш рет кездесіп отыр. 

Әли Зәкір, суретші:

-Мұның ең басты қиындығы, жоғарыда жұмыс істеу. Бір жұмысқа бір апта кетеді. 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу