Қостанайда құбыр жарылып, көпқабатты үйлер сусыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда құбыр жарылып, көпқабатты үйлер сусыз қалды

20.12.2022

Қостанайда құбыр жарылып, бірнеше көпқабатты үйге су беру тоқтатылды. Қазір оқиға орнында тілшіміз Дәуренбек Әбдібек жүр. Дәуренбек апаттың ауқымы қандай, қанша үй судан ажыратылған?

Дәуренбек Әбдібек, тілші:

Павлов көшесіндегі диаметрі 200 мм болатын құбыр кеше кешке жарылған. Аққан су құдықтан асып көшеге жайылып кеткесін түнгі сағат 12-де кранның құлағы жабылды. Апаттың салдарынан Павлов, Железнодорожный, Чехов көшелеріндегі сегіз көпқабатты үй мен бірнеше жер үй судан ажыратылды. Қазір жөндеу жұмыстары басталып жатыр. Апат салдарын жоюға 6 адам мен 4 техникасы бар бригада кірісті. Қазір, міне, жер қыртысын арнайы техника қазып жатыр. Жауапты мамандар кешкі сағат 9-10-ға дейін тесілген құбырды жамап, үйлерге су беруді қалпына келтіреміз деп отыр.


Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу