Қостанайда 450 отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда 450 отбасы баспаналы болды

04.12.2018

Бұл - «Нұрлы жер» бағдарламасының жемісі. Жаңа пәтерлер Әуежай және Юбилейный шағын аудандарында орналасқан. Биыл облыс бойынша 300 мың шаршы метрге жуық баспана пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 10 пайызға көп. Қазір Қонай ықшам ауданында инженерлік желілер тартылып бітті. Енді алдағы жылы құрылыс жұмыстары басталады. Ал, Юбилейный ықшам ауданында бас-аяғы 51 көпқабатты тұрғын үй бой көтереді. 

Архимед Мұхамбетов, облыс әкімі:

- Әлеуметтік нысандардың да құрлысы қарқында жүріп жатыр. Осы жерде Жастар сарайы, мұзды спорт кешені салынады. 1200 балаға арналған мектеп ғимараты бой көтереді. Құны 3 миллиард 200 миллион теңге. Оған қаржыны 2019 жылы бөлеміз.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу