Оралда көпбалалы 10 отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда көпбалалы 10 отбасы баспаналы болды

03.05.2019

Олар 15-20 жылдан бері кезекте тұрған жандар. Тұрғын үй республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген қаражатқа сатып алынды. Бұл жолы 10 пәтердің кілті тапсырылды. Қалған 60 пәтер де кезекте тұрған мұқтаж азаматтарға беріледі.

Жалпы, биыл өңірге «Әлеуметтік қамқорлық» шаралары аясында ел қазынасынан 2,1 млрд теңге қаралған. Соның 1,5 млрд-ы баспана құрылысына жұмсалмақ. Ал 600 млн теңгесі дайын тұрғын үйлерді сатып алуға бөлінді.

Болған Айтқалиева, көпбалалы ана:

- Мен көпбалалы анамын. 8 балам бар. 2002 жылы үй кезегінде тұрған едім. 17 жыл күтіп, бүгін үйдің кілтін алдым. Бала-шағамның атынан бәріне рахмет айтамын.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу