ЕАЭО медицина саласына оң ықпал етпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕАЭО медицина саласына оң ықпал етпек

02.06.2014
ЕАЭО медицина саласына оң ықпал етпек
Еуразиялық экономикалық одақ еліміздің медицина саласына да оң ықпал етпек. Оңтүстік Қазақстан облысының ақ халатты жандары осындай пікірде. 
 
Одаққа кіретін елдерден медициналық-құрал жабдықтар  еліміздің емдеу мекемелеріне арзан бағамен жеткізілетін болады. Сондай-ақ, дәрі-дәрмектерді де үш ел арасында саудалау көп құжаттарды талап етпейді.
 
Әрі біздің республика көлемінде шығарылатын дәрі-дәрмектер де сол елдерге ешбір кедергісіз жол тартады. «Бұл өз кезегінде халықтың денсаулығын жақсартып, заман талабына сай емделуіне септігін тизігеді»,- дейді сала мамандары. 
 
Мұқан Егізбаев, облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері: 
Дәрігерлердің одақ көлемінде бір-бірімен тәжірибе алмасуына өте тиімді болады. Барып келу шығыны да азаяды.  
 
Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу