Патриоттық акт сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Патриоттық акт сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтеді

28.04.2016
Патриоттық акт сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтеді
Бұл құжат Елбасы ұсынған «100 нақты қадамды» жүзеге асыруға да ықпал етпек.

Елбасының шешімімен қабылданған Патриоттық акт халқымыздың бүгінгі өміріне де, болашағына да оң ықпал ететін маңызды құндылықтар жиынтығы.

Бұл Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы мамандарының ортақ пікірі. Олардың айтуынша, бұл құжаттың жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда маңызы зор.

Оған қоса, Елбасы ұсынған «100 нақты қадамды» жүзеге асыруға да ықпал етпек. Жалпы, бүгінде Алматы қаласында жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа тұсау салуға арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу