Елімізде әскерилерге арналған тұрғын үй бағдарламасы жүзеге аса бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде әскерилерге арналған тұрғын үй бағдарламасы жүзеге аса бастады

13.09.2018

«Әскери баспана» деп аталатын жоба арқылы алты мыңға жуық қызметкер жеңілдетілген несие алып, баспанаға қол жеткізе алады. Бүгінде 84 адам қоныс тойын тойлап үлгерген. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы іске асып отырған бастамаға 13 мыңдай әскери өтініш беріпті. Олар үй құнының алғашқы 5 пайыз жарнасын төлеп, жылдық 7 пайызбен несие алуына болады. Ал, 20 процентін жинағандардың жылдық үстемесі 6 пайыз. Бағдарлама бойынша тек жаңа ғана емес сондай-ақ, екінші сатылымдағы баспананы алуға мүмкіндік бар.

Ләззат Ибрагимова, «Қазақстанның тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы:

- Бұл мақсатта банк 98 млрд. теңге бөліп отыр. Оның ішінде 74 млрд. теңге әскери қызметшілерге несие беруге жұмсалса, қалған 24 млрд. теңге кейбір қарыздарды қайта қаржыландыруға бағытталады. Несие беру ашық жүрсін деп арнайы ұпай жүйесін енгіздік. Негізгі көрсеткіш – үміткердің қызмет өтілі.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу