Елімізде бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді

01.09.2021

зық-түлік құнын реттеу керек. Бағаның жөнсіз өсуін тоқтатпаса болмайды. Бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 20 пайызға өседі. Ауыл әкімдерін ғана емес, аудан әкімдерін де енді халық сайлайды. Басты мақсат- Орта Азиядағы көшбасшылық рөлімізді күшейту. Осы және өзге де маңызды жәйттерді бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында айтты. Бұл жайлы тікелей эфирде әріптесім толығырақ айтуға дайын. 

Шерхан Жамбылұлы, тілші: 
Мемлекет басшысының дәстүрлі жолдауына қара орман халық жыл сайын мұқият назар аударады. Президент парламенттің қоңыр қабырғалы үйінен елдің болашақ бағдары мен қазіргі қадау-қадау түйінді мәселелерді ашық айтты. Әлемдік коронадағдарыс ел экономикасына салқынын тигізіп жатыр. Сол себепті «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары жалғасын таппақ. Бұл кәсіпкерлерге елеулі қолдау. Қарапайым азаматтарға да жағымды жаңалық бар. Жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 42500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көбейтіледі. Бұл 1 млн-нан аса халықтың нәпақасының артуына себепкер болмақ. Сонымен қатар Президент бюджет қызметкерлерінің жалақасы жыл сайын 20 пайызға өсіп тұратынын мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 
2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам педагог пен дәрігердің, әлеуметтік сала қызметкерінің жалақысы өсті. Бірақ, бюджеттен қаржыландырылатын өзге сала азаматтары мұнан тыс қалды. Бұлар музей қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілері және басқалары. Сондықтан 2022 жылдан 2025 жылға дейін мемлекет осы санаттағы азаматтық қызметкерлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіретін болады.

Сондай-ақ бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысы жыл сайын 20 пайызға өспек. Бұл кітапханашылар, мұрағатшылар секілді қызметкерлер. Бұл шамамен 600 мыңнан астам адамның тұрмыс жағдайының жақсаруына сеп болмақ. Жұртты баспанамен қамту да басты назарда.Президент осы орайда халыққа қол жетімді бірыңғай тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Тұрғын үй азаматтарымыз үшін қашан да басты мәселе. «Баспана хит» және «7-20-25» сияқты тұрғын үй бағдарламаларының мерзімі таяу арада аяқталады. Сонымен қатар нарықтық ипотека ставкасы әлі де жоғары және жұрттың бәріне бірдей қолжетімді емес. Осыған орай Бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленетін болады. Ұлттық даму институтына айналатын «Отбасы» банкі оның әкімшісі болып белгіленеді. Банк алдында бір терезе қағидатты бойынша есеп жүргізіп, азаматтарғат ұрғын үй бөлу міндеті тұр.

Ал 2024 жылдан бастап ауыл әкімдерінен кейін аудан әкімдерін де халық сайлайды. Бұл аудандардың көркейіп, сондағы халықтың өмір сүру сапасын арттырады деді Тоқаев. Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы, әсіресе талан-таражға түсіп жатқан субсидияны дұрыс бөлу, және жайылымдық жерлерді халыққа қайтару мәселесі де көтерілді. Мемлекет басшысының айтуынша жайылымдық жерлер небір ықпалды адамдардың иелігіне өтіп кеткен. Тіпті әкімдер солардың ығына жығылып отырғанын айтты. Енді бұған жол бермеуіміз керек. Сондай- ақ білім, денсаулық сақтау салаларын дамыту, экология мәселесі мен цифрландыру жайы сөз болды. 

Хабарламаларға жазылу