Қостанайда 44 көпқабатты үй салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда 44 көпқабатты үй салынады

09.10.2014
Қостанайда 44 көпқабатты үй салынады

Қостанайдағы «Аэропорт» шағын ауданында «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй салынады. Мұнда 7 мың тұрғынға арналған  44 көпқабатты үй мен газ қазандығы салынбақ.

«Қолжетімді баспана» бағдарламасы барлық бағытта жүзеге асырылатын болады. Бүгінде  «Аэропорт» ауданында инфрақұрылым жүйесі жақсарып келеді. Жақында 33.734 Гкал/сағ болатын газ қазандығы қосылғанша, пайдалануға болатын  уақытша газ жүйесі іске қосылмақ.

Ал, газ қазандығының құрылысы 2015 жылдың қыркүйек айында аяқталады, деп жоспарлануда.

Хабарламаларға жазылу