Қазақстандық және татарстандық ғалымдар көне тарихты бірлесіп зерттейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық және татарстандық ғалымдар көне тарихты бірлесіп зерттейді

11.09.2018

Қазақстандық және татарстандық ғалымдар мен археологтар көне тарихты бірлесіп зерттейді. Мамандар әсіресе, ежелгі түркілер мен Алтын Орда дәуірін толық танып-білуі үшін күш біріктіруі тиіс. Татарстанның Бұлғар қаласында өткен мәдениетаралық форум кезінде тараптар осындай келісімге келді.

Себебі, қазақ пен татардың өткені ортақ. Ендеше бауырлас елдердің тарихи танымы бір болу үшін, қос тараптың ғалымдары да ортақ ұстанымда болуы тиіс. Сол арқылы Кеңес Одағы кезінде жазылған бірқатар оқулықтардағы олқылықтарды түзеуге болады. Бұдан бөлек, Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының мамандары Ұлы Жібек жолының бойындағы шаһарлардың сол кездегі қарым-қатынасын зерттеп, жаңа туристік бағыттар ашу керек деген ұсыныстар айтты. 

Бауыржан Байтанаев, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры:

-Жақын арада бірнеше конференция өткізейін деп жатырмыз. Мәселен, Алтын Орданы татарстандық ғалымдар жақсы игерсе, бізде керісінше көне, ортағасырлық қалаларды зерттеу жақсы дамыған. Олар бізден осы нәрсені үйренейін деп жатыр.

 Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу