Қазақстандық ғалымдар әлемнің түкпір-түкпірінде ғылымды өркендетуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық ғалымдар әлемнің түкпір-түкпірінде ғылымды өркендетуде

29.06.2023

Қазақстандық ғалымдар әлемнің түкпір-түкпірінде еңбек етіп, ғылыми жаңалықтар ашып жатыр. Әсіресе, қазақ жастарының ғылымға деген қызығушылығы жоғары. Тек Ресейдің біріккен ядролық зерттеулер институтында 100-ден аса қазақстандық ғалым еңбек етеді екен.

Айдос Әжібеков – жас ғалым. Ол Флюров атындағы ядролық реакция лабараториясының ғылыми қызметкері. Айдос ядролық реакцияларды эксперименталды және теориялық тұрғыдан зерттеумен айналысып, ілкімді жобаларды жүзеге асырып жүр.

Айдос Әжібеков, ғалым:

Біз осы институтта жұмыс істеген тәжірибемізді Қазақстанның ғылыми дамуына жұмсағымыз келеді, прогрессті анықтайтын мемлекеттердің қатарына кіргіміз келеді. Сондықтан осындай мүмкіндік беретін жобалардың бірі ол мегасайенс жобалары деп айтуға болады.

Мегасайенс жобалары ірі халықаралық бағдарламаларды қамтиды. Мысалы Швейцариядағы үлкен ядролық коллайдер. Жалпы қазақ ғалымдары еліміздің әр салада ғылымның өркендеуіне жол ашпақ.

Данияр Беріков, ғылыми қызметкер:

Барлық қызметкерлер әртүрлі салада қызмет атқарады. Олар фундаменталды физика, соның ішінде атап айтатын болсақ ауыр ядролардың бөліну кезіндегі болатын процесстерді зерттейді. Конденсацияланған физикада жұмыс атқаратын қызметкерлеріміз бар, басқа да салаларда қызмет атқарады.

Сонымен қатар қазақстандық ғалымдар ілкімді, ірі жобалардың жүзеге асуына атсалысуда. Мәселен «Говорун» суперкомьютері қазақстандықтардың көмегімен жетілдірілуде. Алдағы уақытта осындай жобалардың саны артатын болады.

Хабарламаларға жазылу