Қызылордада жаңа әлеуметтік жоба іске асырылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жаңа әлеуметтік жоба іске асырылуда

28.09.2018

Әлеуметтік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балалардың мәселесін шешу үшін ведомствоаралық байланыс болуы керек. Қызылордада «Арал балалары» қайырымдылық қоры осы тұрғыда пилоттық жобаны жүзеге асыруда. Облыстық денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту басқармалары бірлескен іс-қимыл меморандумына қол қойды. Қазір әлеуметтік қызмет саласы бойынша 30 маман оқытылып жатыр. Олар өңірлік ведомствоаралық комиссия құрамына енеді. 

Махаббат Еспенова, ҚР Қоғамдық даму министрлігі үйлестіру кеңесінің мүшесі:

- Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының түрлі проблемалары бар, мысалы, әлеуметтік төлем, медициналық көмек алу, білім, құқықтық мәселелер. Бұған әр ведомство өз деңгейінде, өзіне қатысты тұрғыда ғана қарайды. Бірақ, ол аздық етеді, яғни, көп жағдайда барлық мекеме бірлесіп іс-қимыл жасау қажеттігі туындайды. Біз соны қамтамасыз етуге тырысудамыз. Әлеуметтік қиын жағдайға тап болған отбасы проблемасын неғұрлым тез әрі оңтайлы шешуі керек.   

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу