Қазақстанда алғаш рет «ULYS» атты цифрлық журнал жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда алғаш рет «ULYS» атты цифрлық журнал жарыққа шықты

05.09.2018

Қазақ медиасы тарихында үлкен жаңалық. Қазақстанда алғаш рет цифрлық журнал жарыққа шықты. «ULYS» атты сараптамалық, танымдық журналдың тұсауы Қазақ ұлттық академиялық кітапханасында кесілді. Салтанатты рәсім Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген күні ұйымдастырылып отыр. Оқырмандарға сапалы ақпарат беріп, терең сараптамалар ұсынатын  журнал тек қазақ тілінде шығып отырады. Заманауи технологияға негізделіп, жоғары эстетикалық тұрғыда көркем безендірілген журнал оқуға әбден лайық. Гео-стратегия, елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан өзгерістер мен тренд тақырыптарын терең талдайтын басылым. Оның  «iOS» және «Android» жүйелеріндегі қосымшасын тегін жүктеп алып, білім-танымыңызды арттыра берсеңіз болады.

Ержан Қалымбай, «ULYS» журналының бас редакторы:

- Қазір «өзгеріс» деген сөзден басқасының бәрі өзгеріп жатыр. Біздің де қоғам өзгеруі керек. Өзгергенде ол даму жағына. Сондықтан, шетелде болып жатқан үлкен өзгерістерді, үлкен жетістіктерді біздің қоғам да сезінуі керек. Қоғам оны қабылдауы керек. Біз тас дәуірінде өмір сүріп жатқан жоқпыз. Әсіресе, біздің медиа саласында жетпейтін әлемнің ақпараттық технологияларды қолданып жатқан кезде біз де әкеліп, қазақ оқырмандарына, қазақ халқымен қауыштырсақ деген мақсат болды. Сол жобаны қазір міне жүзеге асырдық деп ойлаймын.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу