Биыл - «Ақ желкен» журналына - 90 жыл, «Ұлан» газетіне - 85 жыл толды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл - «Ақ желкен» журналына - 90 жыл, «Ұлан» газетіне - 85 жыл толды (ВИДЕО)

23.10.2015
Биыл - «Ақ желкен» журналына - 90 жыл, «Ұлан» газетіне - 85 жыл толды (ВИДЕО)

«Ұлан» республикалық газеті алғаш рет 1930 жылы 14 наурызда «Пионер» деген атаумен жарық көрген. 1946 жылы мамырдың 9-ында атауы «Қазақстан пионері»  деп өзгертілді.

1990 жылдан бастап балалар газеті «Ұлан» аталды. Басылым «Құрмет» орденімен және «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталған.

Ал, қазақ балаларына арналған тұңғыш журнал -  «Ақ желкен» 1925 жылы Орынбор қаласында «Пионер» деген атаумен жарық көрген. Кезінде Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев, Есанғали Раушанов сынды қазақтың бетке ұстар қаламгерлерінің еңбектері «Пионерде» жарияланып тұрды.

Уақыт өте келе басылым жабылып қалды. Тек 1978 жылдан бастап қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынованың басшылығымен журнал оқырмандарға қайта  жол тартты.

Биыл - «Ақ желкен» журналының жарыққа шыққанына - 90 жыл, ал «Ұлан» газетіне - 85 жыл толды. Толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу