Еуропа елдеріндегі заң факультетінің студенттері Қазақстанда жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа елдеріндегі заң факультетінің студенттері Қазақстанда жиналды

27.08.2018

Олар халықаралық жазғы мектеп аясында бірнеше елдің конституциясын зерттейді. Оның ішінде Қазақстанның 1995 жылғы, Венгрияның 2011 жылғы, Польшаның 1997 жылғы қабылданған заңдары бар. Осылайша, олар халықаралық заң жобасындағы тәжірибелермен танысып, артықшылықтарын анықтамақ. Биылғы жазғы мектеп Қазақстанның Конституциясы күніне орайластырылып отыр.

Липуда Мұқатаева, тарих ғылымдарының кандидаты:

- Еуропалық мектептерде жыл сайын жазғы мектеп ұйымдастырылады. Сол мектепке жан-жақтан студенттер келіп, бір-бірімен пікірлесіп, профессорлардың дәрістерін тыңдайды. Шетелден келген студенттер, профессорлар біздің елмен танысады. Сондай-ақ, бағдарлама барысында Мәжіліс, Конституциялық кеңес жұмысына қатысады.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу