Елімізде 5 жылда жоғарғы оқу орындарын 82 мың заңгер бітірген – депутаттар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 5 жылда жоғарғы оқу орындарын 82 мың заңгер бітірген – депутаттар

06.05.2022

Соңғы бес жылда жоғарғы оқу орындарын 82 мың заңгер бітіріп шыққан. Алайда, қазір олардың 65 пайызығы ғана өз мамандығы бойынша жұмыс істейді. Бұған білім беру сапасының төмендігі себеп, дейді Сенат депутаттары. Сондықтан заңгерлерге сұраныс аз. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары Алматыда жиын өткізіп, бұл мәселені жан-жақты талқылады. Шараға университет, колледждердің басшыларымен қатар, онлайн форматта Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те қатысты. Ведомство басшысының айтуынша, қазір, оқу орындарында студенттерді заң факультеттеріне қабылдау жүйесі күшейтілген. Мемлекеттік тапсырыс аясында, аталған бағыт бойынша білім беретін университеттер саны да 60-тан 10-ға қысқарған. Мақсат - білікті кадр даярлау.

Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Сот, тергеу, криминалистика, қадағалау. Өте ауқымды сала. Сондықтан сапалы білім алған мамандармен толықтыратын болсақ халықтың пікірін, мұң-мұқтажын атқаратын сот жүйесі болсын, құқық қорғау органдары әділ болуы керек. Адамның тағыдырына тікелей байланысты.


Хабарламаларға жазылу