Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесмендердің проблемасын талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесмендердің проблемасын талқылады

29.04.2014
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесмендердің проблемасын талқылады
Бүгін, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірдегі бизнесмендердің басын қосып, олардың жолын бөгеп отырған мәселелерді талқылады. Палата отырысына арызданып 7 бірдей кәсіпкер келген екен.
 
Ең әуелі қызылордалық бизнесменнің мәселесі қаралды. Ол осыдан бірнеше жыл бұрын қамыстан тақтай өндіретін зауыт салған. Айтуынша, бас есепшісі мұның мөрін ұрлап, зауыттың 10 миллион теңгесін жымқырған.
 
Бұл есепшінің әрекеті әшкере болып, сырттай сотталған да екен. Бірақ, бар қиындықты қылмыскер емес, іске қатысы жоқтар көріп отыр, дейді кәсіпкер. Кеңес прокуратура мен қаржы полициясы өкілдеріне осы мәселеге назар аударуды тапсырды.
 
Арызын арқалай келген екінші топтың теміржолға қатысы бар. Бұл зауыт 4 мың вагон құрастырған. Ал көліктік бақылау органдары дөңгелектерде микрожарықшақтар бар деген желеумен, отандық оператордың вагондарын пайдалануға тиым салған екен.
 
Айтпақшы, осы жиында Үкіметтің миллардтап теңге бөліп жатқаны, алайда, қаржы кәсіпкердің қолына жете бермейтіні де сөз болды.
 
Жангелді Сүлейменов, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының заңгері:
Бөлінген миллардтар кәсіпкерге неге жетпейді дейсіз бе? Несиені немесе қаржылай жәрдемді алу үшін оларға көптеген құжат толтыру, жинау керек. Қандай кәсіп ашқалы жатқанын түсіндіру, пайдалы екенін дәлелдеу қажет. Ол үшін түрлі бизнес талап етіледі. Сол кезде ғана береді. Былай айтқанда, қағазы көп шаруа. Меніңше осыны жеңілдету қажет. Себебі бизнесменнің көбі заңгер емес қой.
 
 
Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу